Семейде соққыға жығылған бала баспаналы болды
Семейде жасөспірімдер күш көрсеткен баланың отбасы 4 бөлмелі жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды және ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Ерікті Динара Садырбаева Almaty.Official сайтына берген ақпаратында қазақстандықтар Әлинұрға көмектесу үшін рекордтық 35 миллион теңге жинағанын, осы қаражатқа жаңа пәтер сатып алынғанын айтты.
Бұған дейін Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева отбасыға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде ақпарат берген.
Белгілі болғандай, толық медициналық тексеруден өткен балаға қажет психологиялық көмек көрсетіліп, отбасыға құқықтық қолдау ұйымдастырылды.
Көмек көрсету процесі ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның үлкен қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу барысы ашық өтеді, – деген Эльзира Солтабаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
"Зеленский соңғы жайтқа өкінемін десін": Ақ үй шарт қойды
Өзгелердің жаңалығы