14 Қараша 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Семейде салынып жатқан ғимарат аумағындағы екі контейнер өртенді

Өрттің жалпы аумағы 23 шаршы метрді құрады.

Семей қаласының Қарағайлы шағынауданында салынып жатқан ғимараттың аумағында екі металл контейнерден өрт шықты.

Өрттің жалпы аумағы 23 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндірді.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, аумақты жанғыш материалдармен үйіп тастамауға және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға шақырды.