Семейде рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою жұмыстары жалғасып жатыр
Абай облысының орталығы Семей қаласында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар қатысатын сенбілік келесі аптаға шегерілген болатын. Десе де коммуналдық қызметтер өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырып жатыр.
️Бүгін санитарлық тазарту жұмыстары келесі пункттерде жүргізілуде. Олар: Степной, Шығыс, Суық бұлақ, Кирпичный, Березовский кенттері мен құс фабрикасы аумағы.
Айта кетейік, бүгін санитарлық тазалауға және рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстарына 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттегі жол апаты. Тағы бір жасөспірім көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы