1 Тамыз 2026, 17:49
Фото: istockphoto.com
Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды
Табылған сүйек қалдықтары сараптамаға жіберілді, олардың шығу тегі мен жерленген уақыты анықталып жатыр.
Семей қаласында бұрынғы «Пищевик» стадионының орнында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңынан адам сүйектерінің қалдықтары табылды. Бұл ақпаратты полиция растады.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, табылған сүйек қалдықтарын алып, сараптамаға жіберді.
Алынған сүйек қалдықтары олардың шығу тегі мен жерленген мерзімін анықтау үшін сараптамаға жолданды, – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды адам сүйектеріне ұқсас қалдықтар табылған жағдайда өз бетінше әрекет етпеуге және бірден ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды.
- Олимпиада-2028 ойындарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталды 00:22
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026