Семейде прокурорлар инвестордың 5 айға созылған мәселесін шешіп берді

Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис жұмысы аясында «Казполиграф» ЖШС құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс прокуратурасының актісі бойынша құны 6 млрд теңгені құрайтын «қағаздан және картоннан бұйымдар өндіру» жобасын іске асыратын «Қазполиграф» ЖШС проблемалық мәселесі шешілді (облыстың инвестициялық жобаларының бірыңғай пулына және индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген).

Семей қаласының жер қатынастары бөлімі «Казполиграф» ЖШС өтініші бойынша 5 ай бойы бюрократия құра отырып, аукцион өткізу және жер учаскесін берудің қажетті құжаттарын бекіту мәселесін созғаны анықталды.

Өткізілген аукцион бойынша уәкілетті органның кінәсінен «Казполиграф» ЖШС жеңімпазымен шарт жасалмаған.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана уәкілетті орган қайта аукцион өткізіп, «Казполиграф» ЖШС-мен шарт жасасып, жер учаскесін беру бойынша жұмысты бастады.

Қадағалау актісі бойынша жер қатынастары бөлімінің кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы