17 Қазан 2024 2024, 08:10
Фото: polisia.kz
Семейде полиция қызметкерлеріне арналған мурал пайда болды
Семейде көпқабатты үйлердің бірінде қоғам мен полиция арасындағы берік байланысты бейнелейтін мурал жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Семейде көпқабатты үйлердің бірінде қоғам мен полиция арасындағы берік байланысты бейнелейтін мурал жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Суретші балаларға құрмет көрсетіп тұрған атты полицейді бейнелеген. Бұл жұмыс қазнетте танымал болып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен роликке балама ретінде жасалған.
Бұл бейне азаматтарды күн-түн демей қорғап жүрген полиция қызметкерлері өздерінің басты миссиясы — қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүргенін бейнелейтін маңызды нышан.