Семейде полиция автокөлігі КамАЗ-бен соқтығысты
Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан.
Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше қалада ауа ластанады
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы