26 Қаңтар 2026, 12:57
Фото: freepik
Семейде полицейлердің екі көлігін өртеген зейнеткер ұсталды
Семейде учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семейде учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.