15 Мамыр 2026, 08:11
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Семейде полицейлер жүрек талмасы ұстаған ер адамды құтқарып қалды
Тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз жерге жатқызып, дәрігерлер келгенше есін жоғалтпауына көмектескен.
Семейде патрульдеу кезінде полицейлер жүрегі ауырып, есінен тана бастаған ер адамға дер кезінде көмек көрсетті. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция аға лейтенанты Асхат Шаяхметов пен полиция лейтенанты Нұрсұлтан Қуанышбаев жекеменшік секторды аралау барысында үй қабырғасына сүйеніп тұрған азаматты байқап қалған. Ер адам жүрегінің қатты ауырғанын айтып, жағдайы күрт нашарлаған.
Тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз жерге жатқызып, дәрігерлер келгенше есін жоғалтпауына көмектескен.
Бірнеше минуттан кейін жедел жәрдем келіп, азамат ауруханаға жеткізілді.
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54