Семейде полицейлер орманда адасып кеткен зейнеткерді тапты

Семейде саңырауқұлақ теруге шыққан 61 жастағы әйел орманда адасып кетіп, полицейлердің көмегімен аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зейнеткердің өзі «102» нөміріне хабарласып, бағытынан жаңылып қалғанын айтқан. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы дереу жіберіліп, бірнеше топқа бөлінген қызметкерлер аумақты тінтіген.

Биологиялық орталық маңында іздеу жүргізген полицейлердің бірі әйелді байқап қалып, оны орманнан алып шықты. Кейін зейнеткер үйіне жеткізілді. Қуанышқа орай, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында оқиға қайғылы жағдайсыз аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы