Семейде отбасы құндылықтарын талқылаған ауқымды шара өтті

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семейде отбасын құруға, оны сақтауға, сондай-ақ рухани байлық пен дәстүрді насихаттауға байланысты өткен дөңгелек үстел отырысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Қалалық Достық үйінде өткен «Отбасы – бұл үлкен бақыт» шарасына қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысты. Отанның бастауы – отбасының құндылықтарын насихаттаған дөңгелек үстел барысында жастардың санасына отбасы туралы жағымды пікірлерді сіңіру бағытындағы жұмыстар жүргізу туралы айтылды.

Отанға деген сүйіспеншілік, жауаптылық, құрмет бірінші кезекте отбасында қалыптасатыны бесенеден белгілі. Міне нақты осыдан жастарды тәрбиелеу бастау алады, - деді Семей қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарова.

Отбасының ең басты құндылығы – бұл рухани бірлік, жақын адамдар арасындағы түсіністік пен келісім. Осы себепті, аталған бағыттағы жақсы тәжірибелермен бөлісу арқылы жастарды тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.


Отбасы – әрбір адамды үлкен өмірге аяқ бастыратын алғашқы нысан. Сол себепті жастардың отбасында дұрыс тәрбие алып, қоғам мәдениетін қалыптастыра алатындай адам болып шығуын қамтамасыз ету керек, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Губанов.

Қоса кетсек, бұған дейін семейліктер республикамыздың басқа да тұрғындары сияқты «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына тұрақты түрде қатысып, бірнеше рет облыстық турлардың жеңімпазы атанған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы