Семейде өртеніп жатқан сауда үйін 300 полицей күзетіп жүр

Семейде түнде шыққан өрт әлі ауыздықталмады. Полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнында қызмет етіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

6 ақпанда "Ақшын" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды

Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 15 тергеуші Ақшын СҮ өрттен зардап шеккендердің жазбаша өтініштерін қабылдауда.

Абай облысы Полиция Департаменті бастығы Бектөре Сұлтан оқиға орнында болып, құқықтық тәртіп сақшыларының жұмысын үйлестіруде.

Қазіргі уақытта сауда орталығындағы өртті жою орнында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары әзірленіп жатыр.

Еске салсақ, Семей қаласында ірі сауда орталығы өртеніп жатқанын жазған болатынбыз. Өрттің алдын ала ауданы шамамен 4000 шаршы метрден асқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы