Семейде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен табылған шақалақ шетінеп кетті

Семейде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде шетінеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қыз бала 19.40-та көз жұмды. Ауруханаға түскенде денесінің 80%-ын күйік шалған екен. Абай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, қылмыстық іс бойынша облыстық прокуратурамен байланыста отырмыз, - деп атап өтті Динара Зәкиева.

Еске салайық, қаладағы шағын аудандардың бірінде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылған.

Деректерге сәйкес, шақалақтың дүниеге келгеніне шамамен бір күн ғана болғаны айтылуда. Денесінің 80%-ын күйік шалған нәресте дереу ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы