8 Тамыз 2024 2024, 16:15 Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде орталық алаңдағы субұрқақтың 7 су сорғысы істен шықты

Семей қаласының әкімдігі шаһардағы субұрқаққа қатысты хабарлама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей қаласының әкімдігі шаһардағы субұрқаққа қатысты хабарлама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биылғы жылы орталық алаңдағы субұрқақты ұстау міндеттемелерін алу бойынша "Семей Тазалық" ЖШС шарт жасалды. Дегенмен, жақында орталық алаңдағы субұрқақтың 7 су сорғысы істен шықты. 

Қазір ақауларды жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, жаңа сорғыларды сатып алу жүргізілуде. Жаңа сорғылар қалаға жақын күндері жеткізіледі. Осыған байланысты, субұрқақты іске қосу келесі аптаға жоспарланған. Сондай-ақ, қазіргі таңда субұрқақты тазарту жұмыстары жүргізілді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Барлық сұрақ бойынша "Семей Тазалық" ЖШС-не хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.