Семейде өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды
24 күні сағат 18:38-де «101» пультіне Семей қаласы Сәтбаев көшесінде бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 1 қабаттағы пәтерде қатты түтін байқалды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны дереу құрылды. Бірінші буын дереу барлауға кірісті. Екінші буын жоғарғы қабаттардың тұрғындарын эвакуациялауға жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Бөлмеде жалпы ауданы 16 шаршы метр болатын жиһаз, жеке заттар, терезе мен есік ойықтары жанған. Өрт сөндірушілердің шебер әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Өрт кезінде жанып жатқан пәтерден құтқарушылар 1977 және 1979 жылы туған екі адамды құтқарды, олар іште қамалып қалған. Кіреберіс есікті ашу туралы шешім қабылданды. Құтқарушылар есікті ашуға тырысып жатқанда, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп, терезе мен есік арқылы нұсқаулар берілді, - дейді ТЖМ баспасөз қызметі.
Жоғарғы қабаттардан 40 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланған.
Жедел медициналық көмек келгенге дейін өрт сөндіру кезекші қызметінің қызметкерлері зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.
Дәрігерлердің қарауынан кейін ер адамдар одан әрі тексеруден өту үшін Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.