Семейде Наурыз мейрамына орай 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Семей қаласында Наурыз мейрамына орай 200-ден астам іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.
14-23 аралығында өтетін 200-ден астам іс-шара жоспары әзірленген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәл імдеді.
Наурыз мейрамын тойлау мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Мәселен Арбатта мерекелік серуен өтеді, бұлақтарды тазарту бойынша "Таза табиғат" акциясы, экологиялық сағат, мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы құттықтаулар, қайырымдылық концерттері өткізіледі. Сондай-ақ Ф.М. Достоевский атындағы мұражайда бейімдеу орталығының балаларына арналған шеберлік сыныптары мен балалар концерті өұйымдастырылады, - деді Айдар Садырбаев.
Ал негізгі іс-шаралар 22 наурызда өтпек. Яғни қаланың бес алаңында жиырмаға жуық киіз үй орнатылады. Атап айтқанда, орталық алаңда 9 киіз үй, М.Әуезов атындағы алаңда 3 киіз үй, "Көктем" базарының алаңында, "Силикат" ЖШС алаңында және вокзал маңындағы алаңда.
Сонымен қатар, мереке күні Достық Үйінің жанында символикалық "Достық дастарханы", Арбатта "Шеберлер қаласы"сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді. Барлық алаңдарда спорттық іс-шаралар және спортшылар көрсетілімдері, балалар аттракциондары, автомобильдермен сырғанау және басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.