Семейде науқастан арнайы жүйенің арқасында ми ісігі алынып тасталды
45 жастағы Семей тұрғынына ми ісігі диагноз қойылып, медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен оны алып тастау бойынша күрделі операция жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол дәрігерлерге құрысулар туралы шағымдармен жүгінді. Өз емханасында пациент егжей-тегжейлі зерттеп- қарауға жіберілді, жолдама бойынша ол мидың компьютерлік томографиясынан (КТ) және магниттік-резонанстық томографиясынан (МРТ) өтті.
Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. КТ және МРТ нәтижелерін алғаннан кейін сол жақ алдыңғы маңдайдың ісігі анықталды. Әрі қарай біз операция алдындағы дайындықты жүргіздік және BrainLab нейронавигациялық жүйесімен бас сүйегіне сүйек-пластикалық трепанация жасадық, ісікті алып тастадық. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты, — деп атап өтті нейрохирург дәрігер Төлеуғали Қойшыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС енгізумен КТ және МРТ қазақстандықтар үшін одан да қолжетімді болды. Пациенттерге учаскелік дәрігерден зерттеп-қарауға жолдама алу жеткілікті.
Бүгінгі таңда МӘМС-тегі кез келген сақтандырылған адам қымбат КТ және МРТ зерттеулерін тегін ала алады. Мәселен, егер 2019 жылы сақтандыру медицинасы енгізілгенге дейін емханалар арқылы 200 мыңға жуық КТ және МРТ қызметтері көрсетілсе, өткен жылы қазақстандықтар 1 млн. 400 мың сессия өтті, яғни 7 есе көп.
Сондай-ақ сақтандыру қаражаты есебінен осы пациентке қатысты сияқты жоғары технологиялық, қымбат зерттеп-қараулар мен операциялар жүргізуге болады.