Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
Бұл туралы Абай облысының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту фактісі бойынша Абай облысының білім басқармасы барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады, - делінген басқарманың хабарламасында.
22 желтоқсанда Семейде шыршаны безендірген мұғалім ауыр жарақат алғаны белгілі болды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің жарақат алуы заң бұзушылықтың айқын көрінісі екенін айтты.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те мұғалімдерді міндетіне сай емес жұмыстарға тартуды тоқтату керегін айтып, мәселеге қатысты өз ұсыныстарын айтқанын жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Келесі жаңалық
Өткен аптадағы азық-түлік бағасы: не арзандады?
Өзгелердің жаңалығы