Семейде мейрамхана маңында жаппай төбелес болды

Семейдегі "Кең-Дала" мейрамханасының маңында түнде 10 адам төбелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желіде жарияланған видеода төбелес кезінде бір жас жігіттің арматурадан жарақат алғаны көрсетілген.

Тағы бір мәлімет бойынша, видеода төбелеске қатысқандардың бірінің өлген сәті көрсетілген. Дегенмен, басқа ақпарат көздері жәбірленушінің ауыр жарақат алғанын, бірақ тірі екенін және комаға түскенін хабарлады.

Құқық қорғау органдары әзірше ресми ақпарат бермеді. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы