Семейде мектептер онлайн оқытуға әзірленуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы мектептер онлайн оқытуға әзірленуде. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

46 мың бала, мұғалімдер мен ата-аналар онлайн оқыту форматына көшуге дайындалуда. Ата-аналармен интернет мәселесі шешіліп жатыр. Оқушылардың үйінде компьютерлік техниканың бар-жоқтығы, интернетке қолжетімділік сынды сұрақтар қарастырылуда. Мұғалімдер оқу материалдарын әзірлеуде, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Қазіргі уақытта мектептерде қашықтықтан оқытуға көшу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар дайындалуда. Сабақ кестесі де дайындалып жатыр.

Қала мектептері онлайн білім беруге көшуге әзір. Алайда қашықтықтан оқыту – мектептер үшін жаңа құбылыс. Десе де, туындаған барлық мәселелер тез арада шешімін табады деген үміттеміз, - дейді ведомство жетекшісі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы