Семейде масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бүгін Семей қаласында Бейбітшілік аралы мен Ескі бекініс ауданындағы өзендерде зиянкестерге қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес арнайы химиялық заттардың көмегімен 1,2 сатыдағы масалардың ұялары жойылуда.

Жұмыстың екінші кезеңі қолайлы ауа райы жағдайында 10-12 мамыр күндері өтеді деп жоспарланып отыр. 

Екінші кезеңдегі жұмыстарды мамандандырылған дезинфекторлар тобы ыстық және суық тұман құрылғыларымен жүзеге асырады. 

Жалпы дизенсекция иесіз су қоймалары мен таяз суларда жүргізіледі. Өңделетін жалпы аумақ қала бойынша 500 гектар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы