3 Мамыр 2026, 22:24
Фото: istockphoto.com
Семейде мас жүргізуші көлікпен кітапхана ғимаратына соғылды
Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Семей қаласының орталығында 2 мамыр кешінде резонанстық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жоғары жылдамдықпен қозғалған автокөлік орталық алаңға шығып, жасыл аймақ пен тротуар арқылы өтіп, бірнеше нысанды зақымдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға барысында көлік алдымен екі автокөлікпен соқтығысқан, кейін қозғалысын жалғастырып, Абай атындағы кітапхана ғимаратына соғылған. Сондай-ақ орындықтар мен басқа да қалалық инфрақұрылым элементтері бүлінген.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 20:30-да болған. 54 жастағы Ravon жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, Haval және Lada көліктерімен соқтығысқан.
Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 20 тәулікке дейін қамау және 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
- Министрлік: Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған 12:52
- Ормуз бұғазында жағдай қайта ушықты: Иран мен АҚШ тағы да соққы жасады 12:24
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49