Семейде мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Абай атындағы театрда әртістермен, суретшілермен, кітапханашылармен және мұражай қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады altaynews.kz.

Мерекенің қадірлі қонақтарының қатарында Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің директоры Сайлауғазы Ахметов, Ертіс татарлар мен башқұрттар одағы қауымдастығының басшысы Ғабдулхак Ахунжанов, мәдениет ардагері Адай Азаматов, қалалық мәдениет сарайының директоры Нұриден Иманбаев, сондай-ақ мұражай директорлары, театр және филармония әртістері болды.

Бұл мереке мәдениет саласы өкілдерінің қоғамдағы рөлін айқындай түседі. Өйткені өнерпаздар халқымыздың мәдени дәстүрлерін насихаттап, қоғамдағы үйлесімділікті жандандыру және қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында көп тер төгеді. Сіздердің шеберліктеріңізге, еңбексүйгіштіктеріңізге және мамандыққа деген адалдықтарыңызға шын жүректен алғыс айтамын, – деп құттықтады Бақытжан Байахметов.

Кәсіби мерекеге орай қала басшысы шығармашылық адамдарын құттықтап, оларға алғыс хаттар мен үкіметтік наградалар табыс етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы