Семейде қыз өртеніп жатқан үйдің 9-қабатынан секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде Шәкәрім көшесіндегі көпқабатты үйдің 9-қабатындағы пәтердің балконында өрт болған, деп жазады Устинка LIVE.
Өрт сөндіру қызметкерлері келген кезде пәтерде қатты түтін болған. Құтқарушылар пәтерде қалған қызды эвакуациялау үшін бірден автосатыны қолданған, бірақ қатты қорыққан қыз 9-қабаттың балконынан секіріп кеткен. Дәрігерлер зардап шеккен (2003 жылы туған) қызды жедел жәрдеммен алып кетті, - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қыздың жағдайы әлі белгісіз. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 6 шаршы метр болған өртті сөндірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салып жатыр
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы