Семейде көшенің қақ ортасында жеңіл көлік аударылды

Семейде Нұршайықов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында көлік аударылумен аяқталған ауыр жол апаты тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, 43 жастағы Toyota жүргізушісі басты жол – Уәлиханов көшесімен келе жатқан. Сол сәтте 23 жастағы Chery көлігінің жүргізушісі Нұршайықов көшесінен шығып, жол бермей, соқтығысқа себеп болған. Қатты соққыдан кейін Chery аударылып түскен.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қиылыстарынан өткен кезде барынша сақ болуға және жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облыстық ПД
Өзгелердің жаңалығы