Семейде көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Семейде полицейлер көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семейде көпірдегі оқиға қаланың барлық жедел қызметтерін біріктірді: полиция, азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем қызметкерлері

3 наурызда 112 шұғыл арнасына көпірден секіру туралы нақты оймен 17 жасар жасөспірімнен қоңырау түсті. Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда, аталған жерге патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Раймбек Есенғалиев келді. Үш минуттан ішінде полицейлер оқиға орнында жетті, Раймбек ақырын келіп, баланы алып үлгерді.

"Қалайсың? Не болды? Кеттік, кеттік, кеттік, бәрі жақсы болады. Ты - красавчик!",- деді полиция қызметкері жігітті серіктесіне тапсырып.

Осы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы