Семейде көпірден секірмек болған ер адам жауапкершілікке тартылды
Абай облысында жаңа көпірде төтенше жағдайға ұқсас оқиға орын алды. 40 жастағы ер адам көпірдің бір пилонына шығып, куәгерлердің алаңдаушылығын туғызып, жедел қызметтердің араласуын қажет етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Қауіптің алдын алу үшін келіссөздерге психолог тартылды. Нәтижесінде жүргізілген жұмыстардың арқасында ер адам өз еркімен төмен түсті.
Полиция қызметкерлері оны ұстап, арнайы медициналық мекемеге жеткізді. Ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жақын күндері іс материалдары сотқа жолданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында "Кітап оқитын ұлт" жобасы басталды
Өзгелердің жаңалығы