Семейде кей ауданды еріген қар мен жаңбыр сулары басып қалды
Семейде қалалық төтенше жағдайлар қызметі жеке үйлерді су басудан қорғау үшін тәулік бойы жұмыс істеді.
Семейде кей аудандар еріген қар мен жаңбыр суларының салдарынан суға батып қалды. Қалада суды сорып шығару жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тұрғындар қаланың су астында қалған жерлерінің видеосын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметі жеке үйлерді су басудан қорғау үшін тәулік бойы жұмыс істеді.
Семей жыл сайынғы көктемгі кезеңді бастан кешіреді: қала қайтадан Венецияға ұқсайды немесе біз әзілдеп «Семеция» деп атаймыз. Биыл қала әкімдігі тез әрекет етті: төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы жұмыс істеп, еріген суды және жаңбыр суды сорып жатыр, – деп жазды fcity паблигінде.
Суға қарсы жұмыстарға 65 техника, 20 мотопомпа және шамамен 250 қызметкер жұмылдырылды. 6 наурыздан бері 3 000 текше метрден астам су сорылып алынған.
Әкімдік суды сорып шығару және оны қауіпсіз жерлерге бағыттау жұмыстары жағдай тұрақталғанға дейін жалғасатынын хабарлады.
Қазіргі уақытта суды сорып алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қосымша көмек ретінде ТЖМ әскери бөлімі жұмылдырылды. Түнде 65 техника жұмыс істеп жатыр. Мамандар суды толығымен сорып шығару үшін тәулік бойы еңбек етуде, – деп жазылған хабарламада.
Облыстың басқа аудандарында да су тасқыны болды. Құтқарушылар еріген суға түсіп қалған автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетті.
Абай ауданының Ақсуат ауылдық округінде көліктегі адамдар топырақ жолдан өтіп бара жатып, су ағысына түсіп қалды. Құтқарушылар 40 шақырым жол жүріп, үш адамды эвакуациялап, елді мекенге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар ескертеді: қар еріп, еріген сулар пайда болған кезде ауылдық және асфальтталмаған жолдарда абай болу қажет.
"Қазгидромет" 2026 жылы су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атады: ең жоғары қауіп Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында; орташа қауіп Қостанай, Павлодар, Алматы және Ақтөбе облыстарында.