Семейде көмір тапшылығы туындауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты кеніштегі қойма 25 тамызға дейін жабық тұрған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінде кәсіпорын көмір жеткізу бойынша кестеден кешікті. Анығын айтқанда 120 мың тонна көмір әлі жеткізілмеген. Тапшылық болмас үшін тәулігіне 280 вагонның орнына 400 вагонға дейін ұлғайту қажет. Жағдайдың ушығып кетпеуін темір жол тасымалымен айналысушылар да өз бақылауына алған. Бірақ әзірге бұл мәселе басы ашық күйінде қалып отыр.
Бюджеттік мекемелердің көбі, соның ішінде мектеп, ауруханалар пандемия кезінде тиісті конкурстық шараларды өткізіп үлгермеді. Енді қатты отын тапшылығын болдырмау мақсатында еліміздегі көмір кеніштері былтырғы кезеңмен салыстырғанда тиеу жұмыстарын үш есе арттыруға мәжбүр болады. Есептеуімізше, біз күнделікті бір вагондар құрамасын кем аламыз, – дейді көмір өндіруші кәсіпорын директорының орынбасары, Әсет Сыдықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада жылу беру маусымы басталды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы