Семейде індет жұқтырғандар бір отбасының мүшелері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде COVID-19-дың тағы 3 фактісі расталды. Олардың екеуі 2003, 2012 жылғы балалар және осы ұлдардың анасы - 1982 жылғы әйел, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2-мамыр күні отбасы мүшелері дене қызуы көтеріліп, денсаулық жағдайы нашарлаған соң учаскелік дәрігерді үйіне шақырады. Алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексеру жүргізілді. 3 мамырда шыққан талдау нәтижесі оң қорытынды көрсетті.⠀
Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған.
⠀
Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
⠀
Айта кету керек, осы сәтке облыс бойынша 28 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы