Семейде гидроциклмен жүрген ер адам өзен ортасында қалып қойған
Семейде гидроциклмен жүрген ер адам өзен ортасында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 1 маусым күні кешкі уақытта Семей қаласындағы Ертіс өзенінде 1996 жылы туған ер адам гидроциклмен серуендеп жүріп, жағадан алыс жерде тоқтап қалған. Анықталғандай, гидроциклдің аккумуляторы отырып қалып, өзен ортасында қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары азаматты жағаға дін аман жеткізді.
ТЖМ мамандары су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді: жеке қорғаныс құралдарын (құтқару жилетін) пайдалану, техникалық құралдардың жарамдылығын тексеру және ауа райы жағдайын ескеріп отыру қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
2026 жылдың басты түсі анықталды
Өзгелердің жаңалығы