3 Наурыз 2024 2024, 15:05

Семейде газдан уланған 2 адам ауруханаға түсті

Қатты отын пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен тұрғындар улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатты отын пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен тұрғындар улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 наурыз сағат 06-10-да Семей қаласындағы Строительный аулында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасынан ақау шығуына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 2 адам ауруханаға жатқызылды.

Уланудың алдын-ала себебі-жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу.

Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 1 адам және 1 бірлік тех.жұмылдырылды.

ТЖМ келесі ережелерді сақтауды сұрайды:

  • пештер мен каминдерді ережелерге сәйкес пайдалану;
  • мұржаларды уақытылы тазарту және желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеру;
  • пештер мен каминдерді орнату мен жөндеуді мамандарға тапсыру.