Семейде гараждан өрт шығып, көліктер жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жеке үйдің аумағында екі гараждан өрт шығып, көлік жанып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, өрт болған жерге 35 өрт сөндіруші және 4 техника жұмылдырылған.

Нәтижесінде «Рено Траффик» автокөлігі өрттен толық зақымдалса, «Тойота Эстима» екінші автокөлігін өрт сөндірушілер құтқара алды. Мамандар өрттің алдын ала себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу және электр энергиясының апаттық режимі болуы мүмкін, − деп хабарлады департаментте.
Сағат 18:22-де өрт толығымен сөндірілді, өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы