Семейде есірткі жасырған колледж студенттері ұсталды
Абай облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.
Тінту шараларын жүргізу кезінде «сатушылардан» полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі болып шықты, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлердің мәлімдеуінше, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы