Семейде «Ес-Аймақ» халықтық театрлар фестивалі өтіп жатыр

Семейде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Ес-Аймақ» халықтық театрлар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі күнге созылатын мәдени шараға еліміздің 8 облысынан өнер ұжымдары қатысады. Фестиваль аясында «Ең үздік қойылым», «Үздік режиссерлік жұмыс»,«Үздік әйел және ер адам бейнесі» аталымдары бойынша жүлде табысталады. Темірбек Жүргенов және Әмина Өмірзақова атындағы арнайы сыйлық та тағайындалған. Халық театрлары арасындағы мұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Халық театрларының фестивалінің Семей топырағында, Абай театрында ұйымдастырылуы және «Ес аймақ» деп аталуы бұл символикалық мәні өте зор фестиваль. Және де біз халық театрларын қолдауымыз керек. Жылда немесе екі жылда бір өтетін фестиваль болып, тұрақты фестиваль болса тіпті де құба-құп болар еді, - дейді қазылар алқасының төрағасы Әубәкір Рахымов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы