Семейде Ертіс жағасында балық аулап отырған баланы жасөспірімдер ұрып кеткен

Абай облысының Семей қаласында 4 шілде күні су жағасында балық аулап отырған жасөспірімге бірнеше адам шабуыл жасап, соққыға жыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ертіс өзенінде балық аулап отырған 12 жастағы ұл баланы 14-15 жастағы бірнеше жасөспірім аяусыз соққыға жыққан. Басында жасөспірімдер ұл балаға тас лақтырған. Кейін оны суға итеруге тырысқан. Зардап шеккен бала қашып кетпек болғанда оны қуып жетіп, ұрып-соққан.

Салдарынан ұл бала жарақат алып, көгерулер анықталған, сондай-ақ қатты психологиялық күйзеліс алған. Апасының сөзінше, шабуыл жасағандар анықталғанымен, жасөспірімдер кінәсін мойындамаған әрі баладан кешірім сұрамаған көрінеді.

Абай облысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Баланың анасымен байланыстамын. Психологиялық қолдау орталығының көмегі ұсынылды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 107-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Эльзира Жүнісова.

Дәрігерлер жәбірленуші баланың қолы сынғанын, жамбас тұсында ауыр соққылар мен жұмсақ тіндердің зақымданғанын, сондай-ақ бет және дене бөліктерінде көптеген жарақаттар барын анықтаған. Сонымен қатар бала психологиялық күйзеліске де ұшыраған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы