Семейде еріген суды тоқтатуға әскери бөлім күштері жұмылдырылды
Семей қаласы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылында температуралық фонның жоғарылауына, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты далалы жерден еріген су елді мекеннің ортасымен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Қазіргі уақытта ЖАО күшімен 10 адам және 4 бірлік техника еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін Абай облысы ТЖД күштері мен құралдарынан жеке құрамның 13 адамы 4 бірлік техника мен 4 мотопомпа ауылға келді.
Қазіргі уақытта 4 аула аумағына су кірген. ТЖД қызметкерлері елді-мекеннің аулаларын аралау арқылы мониторинг жүргізуде.
Қосымша түрде 68303 әскери бөлім күштері мен құралдары есебінен жеке құрамның 20 адамы және 1 техника бірлігі жіберілді.
Сонымен қатар еріген су Семей-Қарауыл автожолының төсемінің үсті арқылы еріген су өткен.
Қазіргі сәтте еріген судың толуы тоқтатылды.
"Семей Жолдары" ЖШС 4 адамы және 2 бірлік техникасы көмегімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.