2 Қазан 2024 2024, 08:31 Фото: gov.kz

Семейде ерекше зауыт ашылды

Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Семей Құрылыс Материалдары" ЖШС-нің жаңа зауытының ашылуы елімізді заманауи материалдармен қамтамасыз ететін отандық құрылыс саласын дамытудағы маңызды қадам болды.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 2 миллион шаршы метрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның жабдықтары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Бұл өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік береді.

Зауыттың ерекшелігі – отандық шикізатты пайдаланып, жергілікті өнеркәсіптің дамуына септігін тигізу. Жаңа кәсіпорында 100-ден астам жұмыс орны ашылды.