Бүгiн 2026, 10:12 Фото: видеодан скриншот

Семейде ер адам аспалы көпірден Ертіске құлап кетті

Құтқарушылар дрон мен қайықтардың көмегімен 1999 жылы туған азаматты тауып, аман алып қалды.

14 маусымға қараған түні ТЖМ қызметкерлері Семейдегі аспалы көпірден Ертіс өзеніне құлаған ер адамды құтқарып қалды.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне Ертіс өзені үстіндегі аспалы көпірден адамның суға құлағаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка ауданынан табылып, құтқарылды, – деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарылған азаматқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.