Семейде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3409 адам қамтылды. Осы туралы пресс-конференцияда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі секторының меңгерушісі Айдар Самаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуларға 227 адам жолданды. Оқыту 9 оқу орындарында 9 мамандық бойынша жүргізілуде, олар: слесарь-сантехник, кран машинисті, ауылшаруашылық өндірістік тракторист-машинисті, саяхат жөніндегі менеджер, тігінші, аспазшы, кондитер, наубайшы, дәнекерші.
Бағдарламаның екінші бағыты – бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Микронесиелерді алуға 1808,6 млн. теңге берілді. Сомасы 121 млн теңге немесе жылдық жоспарға 100%, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асырудың мемлекеттік грантын 218 адам алды. Грант ірі қара мал өсіру, кондитер өнімдерін дайындау, тігінші қызметі және тағыда басқа жабаларды жүзеге асыруға берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарқын дамыту. Аталған бағыт шеңберінде 833 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Жұмыссыз жастар уақытша жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.