Семейде «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды
Клубтың қайта құрылуына байланысты өткен шараға аты аңызға айналған футболшылар Самат Смақов пен Андрей Карпович, «Елім-ай» қоғамдық қорының атқарушы директоры Төлеухан Күлдіков пен футбол жанкүйерлері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семей қазақстандық футболдың отаны. Біздің «Елімайды» әрине қолдаймыз. Футбол клубы - үш дүркін чемпион атанған және бұл команданы бәрі жақсы көреді. Осы стадионның жанкүйерлерді үнемі көп жинағанын қалаймын. Біздің жоспарымызда стадионды жөндеу де бар. Бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы алаңдар құратын боламыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
«Елім-ай» қоғамдық қорына кез келген жанкүйер кіре алады. Бұл тұрғындардың жергілікті футбол командасын құру мен дамытуға белсене қатыса алады деген сөз.
Сонымен қатар шара барысында ашық микрофон режимінде Абай өңірінде футболды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таластықтардың таңғажайып тартуы
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы