Семейде электронды билеттендіру жүйесі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті. Осыдан бір ай бұрын Семейде электронды билеттендіру жүйесінің іске қосылатыны туралы айтылған, деп хабарлады Altaynews.
Жоспар бойынша жүйе желтоқсанның үшінде қосылуы тиіс еді, алайда жол жүру картасы жеткіліксіз болған. Шаһар басшысы Ермак Сәлімов 40 000 картаның семейліктер үшін аз екенін және қала тұрғындары мен кондуктарлардың жүйені үйренуіне біраз уақыт керектігін де айтқан. Араға бір ай уақыт салып, 4 қаңтар күні қаладағы барлық бағыттағы автобустарда стационарлық валидаторлар іске қосылды.
Қаладағы үш автопаркте электронды билеттендіру іске қосылды. Қазір сатылымда 160 000 жол жүру картасы бар. Әзірше билет құны – 80 теңге, - дейді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет Қазақфильм мен екі әуежайды сатпайтын болды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы