Семейде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 5 баспана берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.

Жаңадан ашылған «Абай Құнанбайұлы» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы, «Зекет және қайырымдылық қорының» директоры Талғат Омаров қатысты.

Баспана иелері арасында 2 көпбалалы отбасы, І топтың мүгедегі, Жыланды ауылының бас имамы және мешіт күзетшісі бар.

Сондай-ақ Семейдегі 7 азаматқа Бас мүфти гранты табысталды. Бүгінгі әз-Наурыз мерекесіне орай қуанышқа кенелген жандар демеуші, мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы