Семейде екі қызметкер байланыс желілеріне бөлінген ақшаны жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 48 және 57 жастағы Семей қаласының тұрғындарына қатысты сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқыру туралы қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Тергеу көрсеткендей, байланыс желілерін салу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша кәсіпорындардың бірінің басшылары қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы 2014-2015 жылдары жалпы сомасы 110 млн теңгеден асатын кәсіпорынның ақшалай қаражатын иемденіп, ұрлап кеткен, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта соңғы шешімді шығару үшін сот істі қарап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы