Семейде екіқабатты үйдің шатыры өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бүгін түнде Семей қаласында төтенше оқиға болды. Мелькомбинат 3 мекен жайындағы екіқабатты үйдің шатыры өртеніп кетті. 39 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 9 бала бар. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта 11 отбасы уақытша баспанаға мұқтаж. Қала әкімі Ермак Сәлімовке дереу бұл мәселені шешіп, көмек көрсетуді тапсырамын. Сондай-ақ, шығын көлемін есептеу қажет. Қысқа мерзімде шатырды қалпына келтіріп, үйді жөндейміз, - деп жазды Даниал Ахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге алғаны үшін ешкім жазаға тартылмайды – министр
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы