Бүгiн 2026, 15:50 Фото: видеодан скриншот

Семейде биоорталықтағы арыстандарға тас лақтырған ер адамдар жазаланды

Мекеме болған жағдайды жануарларға қатыгездікпен қарау деп атады.

Семейде арыстандарға тас лақтырған ер адамдардың кім екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Әлеуметтік желілерде ер адамдардың балалар биологиялық орталығындағы арыстандардың назарын аудару үшін вольерге тас лақтырғаны бейнеленген видео тараған болатын. Бейнежазбаны келушілердің өздері түсірген болуы мүмкін деп болжануда.

Мекеме әкімшілігі орын алған жағдайды жануарларға қатыгездікпен қарау деп бағалады.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, тәртіп бұзушылар 29 және 36 жастағы ер адамдар болып шықты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері осы дерекке қатысы бар тұлғаларды анықтады. Олар 36 және 29 жастағы ер адамдар екені белгілі болды. Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Полиция жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Департамент азаматтарды жануарларға ізеттілікпен қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Семейде ер адамдар арыстандарға тас лақтырып, полиция тексерісті бастаған еді. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Балаға 17 мың, ал жануарға 74 мың теңге: Депутат ит-мысыққа кететін ақшаны есептеді

Зайсанда инспекторлар батпаққа батып қалған жаңа туған құлынды құтқарды

Қарағанды облысында ауыл ішіне кірген түлкі тұрғындарды шошытты