Семейде баланы өлтіріп, әжетханаға тастап кеткен
Семейде бала күтушінің қолында болған бала қаза тапқан. Әйелдің күйеуі мәйітті тас жолға апарып, әжетханаға лақтырып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде Семей тұрғыны баласын күтушіге қалдырып кетіп, қайтып келген соң сәбиді таппай қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Күтуші баланың анасын жұбатып, оны досымен бірге жүр деп сендірген. Бірақ кейін баланың қаза болғаны белгілі болған.
Анықталғандай, бала көз жұмып, күтушінің күйеуі мәйітті спорттық сөмкеге салып алып, тас жол бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген. Күтуші баланың өліміне себеп болған талмасы болғанын айтады.
Полицейлер бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Төрт жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Абай обллысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қылмыстық істің тергелуі Абай аудандық прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бұған дейін Астанада тағы бір күтуші мен оның серіктесі баланы өлтірген.