Семейде балаларға арналған ерекше ойын алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Семейде балаларға арналған «Starbricks» ойын алаңы ашылады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Баланың ой-өрісі мен қиялына қанат бітіретін ойындарға 3 жастан 15 жасқа дейінгілер қатыса алады. «Lego» құрастырғыштары арқылы баланың интеллектуалдық қабілеті артып, саусақтардың ұсақ моторикасы дамиды.

«Lego» құрастырғыштар әлемі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің орталықта балаңызды бірнеше сағатқа қалдырып, алаңдамай жұмысыңызды тындыра берсеңіз болады. Өйткені, ойын алаңында балалармен жұмыс істейтін, арнайы қызметкерлер бар», - дейді орталық басшысы.

Айтпақшы, ашылуы бүгін сағат 15:00-ге жоспарланып отыр. Өтетін орыны: Қазына сауда үйі, 4-қабат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы