Бүгiн 2026, 07:14 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Семейде автобус түгі қалмай жанып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Семей қаласында Каржаубайұлы көшесінде қозғалыс кезінде автобустан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жау таралмай тоқтатылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.