Семейде әскерилер истребительге арналған ескерткішті қалпына келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Авиациялық базаның әскери қызметшілері МиГ-17 жойғыш ескерткішінің бастапқы келбетін қалпына келтірді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

 

Ескерткіш - аспанға бағытталған ұшақ. Ол 1988 жылы «Юность» шағын ауданында орнатылысымен-ақ қаланың көрікті жеріне айналды.

МиГ-17 ПФ ұшақтарымен жабдықталған инженерлік-авиациялық полк облыста орналасқан стратегиялық объектілерді бүркемелеу үшін 1960 жылдың мамыр айында Семей қаласына көшірілген болатын. 

Әскери бөлім жұмыс істеген уақытта ұшқыштар мен инженерлер И-16 ұшақтарынан бастап, ЕС-145 «Еврокоптер» заманауи тікұшағына дейін жиырмаға жуық ұшу аппаратын игерді. 

Қолданыстан алынған МиГ-17 12 метрлік тұғырда мәңгі сақталады.

Авиациялық базаның әскери қызметшілері жыл сайын ескерткішті күтіп-баптап отырады. Бірақ биыл оны толық қайта құру туралы бастама көтерілді. 

Қарулы Күштердің 30-жылдығында біз аты аңызға айналған МиГ-17 истребителіне арналған ескерткішті қалпына келтіруді ұйғардық. Осы арқылы біз ұрпақтарды байланыстыратын қала мен авиация тарихын есте сақтап, құрметтейтінімізді көрсеткіміз келеді, - деп атап өтті авиациялық база командирінің орынбасары подполковник Руслан Юмашев. 

Монументті қалпына келтіру барысында бетон стеласының зақымдалған учаскелері қалпына келтірілді. Жауынгерлік ұшақ толықтай сырланып, фюзеляж және басқа да сыртқы элементтері жөнделді.

         Жауынгерлік ұшақтарға арналған ескерткіштер Қазақстанның авиациялық бөлімдері орналасқан көптеген қалаларда орнатылған. Балқаш пен Талдықорғанда МиГ-21, Ақтөбеде - L-39, Семейде, Жезқазғанда және Приозерск қаласында - МиГ-17 тұғырға қондырылды. Бұл ескерткіштер бейбіт аспанды қорғайтын ұшқыштардың ерлігіне жасалған құрмет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы